Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мамандары және ауыл, кент, ауылдық округ әкiмi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерi!

Азаматтарға (әлеуметтiк сала мамандарына) мемлекеттiк қызметтердi алу бойынша ақпарат және кеңес беру мәселелерi бойынша жұмыс күндерi 8-715-35 (21-0-44) телефон нөмiрi бойынша хабарласа аласыз.

Жұмыс кестесi сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14: 00-ге дейiн.


2023 жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы аналитикалық ақпарат

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет электронды үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде көрсетіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) уәкілетті агент болығандығын хабарлаймыз.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап мемлекеттік қызметтер «Отбасы Банкі» АҚ порталында жүзеге аса бастайды, яғни мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика және қаржы бөлімі 113 қызмет көрсетті (оның ішінде 13 қызмет электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы және 100 қызмет «Отбасы Банкі» АҚ порталы арқылы онлайн форматта).

4-тоқсанда 91 мемлекеттік қызмет көрсетілді (барлық қызметтер онлайн форматта «Отбасы Банкі» АҚ порталы арқылы көрсетілді.).

Сонымен қатар, халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдігі ғимаратында (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы) ақпаратты стенд орналастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат басқарманың www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
А. Елжанова

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы (DOCX 31 Kb) 

«Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушылар Отбасы банктен есепшот ашуға асыққаны жөн 

Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес Отбасы банк биыл 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Аталған жобаны жалғастыруда таңдау неге Отбасы банкке түсті десек, шынында да, оның тұрғынжайды несиелеуде бай тәжірибесі бар екендігін және осы жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғанын жоққа шығара алмаймыз.

Сонымен 1 мамырдан бастап бағ­дар­ламаға қатысушыларға Отбасы банк арқылы заемдар төлене бас­тайды. Және жұрттың уақытын үнем­деп, мемлекеттік қолдауға ие болу ісін жеделдету, әрі жеңілдету үшін «Дипломмен – ауылға!» жобасы цифр­лық форматқа ауыстырылды. Алайда осы бағдарламаға қатысты ­отандастарымыз білуге тиісті бірне­ше маңызды мәселе бар. Себебі енді нақ Отбасы банк бұрын алынған қа­рыздар мен жаңа бюджеттік несиелер бойынша қызмет көрсете бастайтын болады. Бұрынғы клиенттер ай сайынғы төлемдерін кешіктірмеу үшін сәуір айының соңына дейін Отбасы банкінің клиенті болып үлгеруі қажет. Мұны онлайн жасауға болар еді, бірақ клиенттің келісімінсіз мұны атқару мүмкін емес.

Қазір банк бұрынғы оператордан «мұраға қалған» 38 мың адамы бар клиенттік базаны қабылдап үлгерді. Осы отандастарымыз үшін Отбасы банкте жаңа есепшот ашып үлгеру өте маңызды болғандықтан, Отбасы банктің қашықтан қызмет көрсету департаментінің директоры Арсулан Черниязовпен сұхбаттасқан едік.

– «Дипломмен – ауылға!» жоба­сының заемшылары несиелерін тө­леуді кедергісіз жалғастыра беру үшін 1 мамырға дейін Отбасы банкте есепшоттарын ашуға тиіс. Егер мұны жасап үлгермесе, онда төлемдері кешігеді. Клиенттердің есепшоттарымен қатар, депозиттері де бірге ашылатынын атап айтқым келеді. Бұл опция да – осы үдерістің ажырамас бөлігі. Сондықтан азаматтарға бұдан қорқудың, яки немқұрайды қараудың жөні жоқ. Өйткені Отбасы банк – жинақтаушы банк болғандықтан, депозит – клиенттерге онсыз қызмет көрсетілуі мүмкін емес негізгі өнім. Депозит ашу ештеңеге міндеттемейді, керісінше, келешекте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушы балаларын баспаналы етуді немесе үйін кеңейтуді жоспарласа, көмегі мол. Бірақ адамдар бұл депозитті пайдаланғысы, ақша жинағысы келмесе, оларға мұны ешкім міндеттемейді.

– Банк осының бәрін ойластырып отыр. Сондықтан банк бөлімшелеріне шапқыламай, үйде отырып-ақ смарт­фоныңызға Оtbasy bank қосым­шасын жүктеп алып, сол арқылы «банк кли­ен­ті болуды» таңдау жеткілікті. Бағ­дар­лама өзі тексеріп, яғни сіз­дің биометриялық деректеріңізді салыс­тырғаннан кейін барлық қажетті логикалық әрі ыңғайлы үдерістерді аяқтай аласыз. Банк клиентіне айналып, ағымдағы шот ашудың тағы бір тиімді жолы – 300 нөміріне тегін қоңырау шалу. Үшінші әдісі – ең жақын жердегі банк бөлімшесіне, кеңес беру орталығына бару. Біз клиенттерімізге барынша ыңғайлы болу үшін бәрін жеңілдетуге тырысып отырмыз. Әзірге олардың үштен бірі ғана ағымдағы шотын ашты. Демек асыққан жөн!

– Өтінімдерді қабылдаудың бас­талатын күнін қосымша хабарлаймыз. Бірақ бағдарламаға ауылдық жерлерге жаңадан көшіп келген немесе бұрыннан тұрып жатқан, нақ­ты кәсіппен айналысатындар қатыса алады. Ең бас­тысы, олар денсау­лық сақтау, білім, әлеуметтік, мәдениет пен спорт және ауыл шаруа­шылығы саласына керекті мамандар, оның ішінде ауылдық округтер әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілері болуға тиіс. Белгілі бір елді мекендерге қажетті қызметкерлер тізімін жергілікті әкімдіктер өздері жасақтап, ресми сайттарына орналас­тырады. Содан кейін осы тізім бойын­ша өтініштер қабылданады. Тағы бір шарты – талап етілетін мамандық бойын­ша үміткер алдағы уақытта үш жыл ауылда жұмыс істеуі керек.

Өтінімдер қалай беріледі десеңіз, егер бұрын осыған дейінгі оператордың филиалы – Аграрлық несие корпорациясына бару қажет болса, қазір компьютер, планшет немесе смартфон болса, жеткілікті.

Отбасы банктің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы мен Вlockchain технологиясының көмегімен азаматтардың түрлі мекемелерге сандалуы тыйыла бастады десек те болады. Жобаға қатысу үшін otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою жеткілікті. Яғни жобаның әлеуетті қатысушыларына eGov мобильді қосымшасын қосымша жүктеп алып, оған тіркелу қажеттігі маңызды екенін айта кету керек. Бұл болашақта қатысушылар мемлекеттік деректер қорынан сұралған деректерді растауы үшін қажет.

Клиенттің өтінімі мақұлданған жағдайда, ол үй сатып алуға немесе салу үшін берілетін өте жеңілдетілген несиені, сонымен қатар «көтерме жәрдемақы» деп аталатын әлеуметтік қолдауды рәсімдей алады.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарла­масы бойынша несиенің ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, жылына 0,01%-дық мөлшерлемемен 15 жылға дейін беріледі. Шындап келгенде, бұл бөліп төлеу сияқты өте тиімді. 

Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А. Мирхамидов 

«Отбасы» банкі «Дипломмен – ауылға!» жобасын цифрландыруға көшті 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Отбасы Банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Дипломмен – ауылға» жобасының уәкілетті агенті болып тағайындалды.

Жобада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру және көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алуды жеделдету мақсатында «Дипломмен – ауылға» жобасы цифрландырылды. Қазақстандықтардың жаңа өтінімдері otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн қабылданатын болады.

«Отбасы Банкінің» мемлекеттік деректер базасымен интеграциясы және Blockchain технологиясын қолдану арқасында азаматтардың билікке физикалық сапарларын болдыртпау мүмкін болды.

«Дипломмен – ауылға» жобасына қатысуға өтініш беру үшін оның қатысушысы otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭСҚ арқылы өтінішке қол қоюы қажет.

Бағдарламаға кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады, олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкім орынбасарларын қоспағанда).

Аудан әкімдіктер жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтар бойынша өз елді мекендерінде сұранысқа ие жұмыскерлердің тізімін қалыптастыратынын айта кеткен жөн. Ал дәл осы тізім аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Несиенің максималды сомасы 1500 АЕК-ке дейін, несие мөлшерлемесі жылдық 0,01%-дан аспайтын болады.

Несие маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Несиенің максималды мерзімі – 15 жыл. Негізгі шарт – жобаға қатысушы мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Қазірдің өзінде 38 мың қазақстандық осындай несие алған. Енді «Дипломмен – ауылға» жобасы аясындағы бұл несиелерге «Отбасы банкінде» қызмет көрсетіледі. Сондықтан бұл несиелері бар қазақстандықтар төлемдерді дер кезінде өтеп, келешекте кешіктірілмеу немесе өсімпұл есептемеу үшін банктің клиенті болуы керек.

Банктің клиенті болған соң, олар да несие шарттарына еш өзгеріссіз төлем жасауды жалғастырады.

Банк клиенті болудың бірнеше жолы бар:

  • Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, оны ағымдағы шот пен депозит ашу үшін пайдаланыңыз;
  • ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
  • жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласыңыз.

«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында қазақстандықтар 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алуға да өтініш бере алады. Сондай-ақ otbasybank.kz платформасы арқылы мемлекеттік қолдаудың бұл түріне өтініш беруге болады.

Жәрдемақы алуға өтініш пен бюджеттік несиеге өтінішті бір уақытта беруге болады.

«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталу күнін банк сізге қосымша хабарлайды. 

2023 жылдың 1 тоқсанына «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы аналитикалық ақпарат 

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/НҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет электронды үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде көрсетіледі.

2023 жылдың 1 тоқсан нәтижесінде, экономика және қаржы бөлімімен 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді (барлық қызметтер электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы онлайн форматта көрсетілді.).

Сонымен қатар, халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында аудан әкімдігі ғимаратында (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы) ақпаратты стенд орналастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат басқарманың www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттармен және регламенттермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес көрсетіледі. 

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Елжанова

 

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы іске асырылуда

2009 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендердегі мамандарды қажетті еңбек ресурстарымен — әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен нығайтуға бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі Заңының қабылдануына байланысты Бағдарламаға жұмыс істеуге келген ауылдық округ әкімдігі аппараттары мемлекеттік қызметшілері кіреді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасы Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қызметі мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігі білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринарлық медицина, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірген студенттерге беріледі. «Дипломмен ауылда» жобасының аясында (бұдан әрі — жоба) мемлекет кешегі түлектерге ауылдық жерде жұмыс істеуге 100 АЕК немесе 345 000 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдауды, сондай-ақ пәтер алу үшін соммасы 1500 АЕК-тен немесе 5 175 000 теңгеден аспайды бюджеттік несие алу мүмкіндігін ұсынады.

Жобаға қатысуға ниет білдірушілер үшін жалғыз критерий — бұл тек дипломның болуы. Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету мамандар өтініш берген күнге қарай кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Жоба мамандарға жасына, білім деңгейіне және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуда грантация қарастырмайды. Алайда, бос жұмыс орындарының болуын, жаңа жұмыс орындарын құруды, алдағы үш жылға арналған болжамды және кейінгі түзетулерді ескере отырып, аймақтардың қажеттіліктері ескеріледі.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009-2022 жылдар аралығында Ғабит Мүсірепов ауданында 760-дан астам адам қатысты. Егер біз бұл мәселені мамандықтар тұрғысынан қарастыратын болсақ білім беру саласына 547 адам тартылған (72%), танымалдығы жағынан екінші орында денсаулық сақтау бұл саланы — 160 адам таңдады (21%). Әрі қарай агроөнеркәсіптік кешен саласына — 23 адамға (2,3%), әлеуметтік қамсыздандыруға — 9 (1,6%), мәдениет саласына — 17 (1,8%) және спортқа — 4 (1%) мамандықтары келеді.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылардың жалпы санының 76%-ы әйелдер. Сонымен қатар, қатысушылардың 74%-ы жас мамандар.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуда жобаға қатысушының негізгі талабы - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауылда орналасқан агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыруда кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеті.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009 жылдан бастап 2022 жылға дейін Ғабит Мүсірепов ауданындағы 508 әлеуметтік маманға 86,07 млн.теңге көлемінде жәрдемақы және 361 маманға 1134,2 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

2022 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік саланың 40 маманына 12,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуді жоспарлап отыр және сонымен қатар 25 маманға 129,4 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие қарастырылған.

Жалпы, ауылға жұмыс істеуге келген мамандардың жалпы санының 85% -ы жоба аясында қалды. Бағдарлама қатысушыларының міндеттемелерді орындамауының негізгі себептері: отбасылық жағдайдың өзгеруі, жұмыстан босатылуы немесе басқа жерге көшуі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жобаның тиімділігін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2012 жылдан бастап тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін өсті, қатысушылардың тізімі кеңейтілді (ветеринария мамандарын, содан кейін агроөнеркәсіптік кешенді қосқанда), маманның міндеттемелерін орындау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарды. Сонымен қатар, биыл ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Жобаны жақсарту бойынша ұсыныстар түскен кезде мәліметтер талданып, мақұлданған жағдайда Жобаға қажетті түзетулер енгізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік мекеме ғимаратында визуалды ақпараты бар стенд (үлгілердің анықтамалары, шағымдар тіркелімі) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сонымен қатар бөлімнің www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

Барлық сұрақтар бойынша Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28 мекен жайы бойынша орналасқан, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі КММ-не, немесе 8(71535) 21-0-44 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы
А. Елжанова

«Дипломмен ауылға!»
бағдарламасы іске асырылуда 

2009 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендердегі мамандарды қажетті еңбек ресурстарымен — әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен нығайтуға бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі Заңының қабылдануына байланысты Бағдарламаға жұмыс істеуге келген ауылдық округ әкімдігі аппараттары мемлекеттік қызметшілері кіреді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасы Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығымен бекітілген, ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қызметі мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігі білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринарлық медицина, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірген студенттерге беріледі. «Дипломмен ауылда» жобасының аясында (бұдан әрі-жоба) мемлекет кешегі түлектерге ауылдық жерде жұмыс істеуге 100 АЕК немесе 306 300 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдауды, сондай-ақ пәтер алу үшін соммасы 1500 АЕК-тен немесе 4 594 500 теңгеден аспайды бюджеттік несие алу мүмкіндігін ұсынады.

Жобаға қатысуға ниет білдірушілер үшін жалғыз критерий — бұл тек дипломның болуы. Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету мамандар өтініш берген күнге қарай кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Жоба мамандарға жасына, білім деңгейіне және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуда грантация қарастырмайды. Алайда, бос жұмыс орындарының болуын, жаңа жұмыс орындарын құруды, алдағы үш жылға арналған болжамды және кейінгі түзетулерді ескере отырып, аймақтардың қажеттіліктері ескеріледі.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009-2021 жылдар аралығында Ғабит Мүсірепов ауданында 720-дан астам адам қатысты. Егер біз бұл мәселені мамандықтар тұрғысынан қарастыратын болсақ білім беру саласына 520 адам тартылған (72%), танымалдығы жағынан екінші орында денсаулық сақтау бұл саланы — 151 адам таңдады (21%). Әрі қарай агроөнеркәсіптік кешен саласына — 19 адамға (2,1%), әлеуметтік қамсыздандыруға — 9 (1,6%), мәдениет саласына — 17 (1,8%) және спортқа — 4 (1%) мамандықтары келеді.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылардың жалпы санының 76%-ы әйелдер. Сонымен қатар, қатысушылардың 74%-ы жас мамандар.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуда жобаға қатысушының негізгі талабы — денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауылда орналасқан агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыруда кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеті.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009 жылдан бастап 2022 жылға дейін Ғабит Мүсірепов ауданындағы 501 әлеуметтік маманға 73,7 млн.теңге көлемінде жәрдемақы және 320 маманға 1110,7 млн.теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

2022 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік саланың 40 маманына 12,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуді жоспарлап отыр және сонымен қатар 35 маманға 156,6 млн.теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие қарастырылған.

Жалпы, ауылға жұмыс істеуге келген мамандардың жалпы санының 85%-ы жоба аясында қалды. Бағдарлама қатысушыларының міндеттемелерді орындамауының негізгі себептері: отбасылық жағдайдың өзгеруі, жұмыстан босатылуы немесе басқа жерге көшуі.

Жобаға қатысушылардың басты қиындықтары — бюджеттен қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі. Қазіргі уақытта бюджеттен бөлінген қаражат ауданның мамандарға деген қажеттілігінің 70-75 пайызын жабады. Осыған байланысты, мұндай қатысушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын алуда басымдық қалыптасуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жобаның тиімділігін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2009 жылдан бастап тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін өсті, қатысушылардың тізімі кеңейтілді (ветеринария мамандарын, содан кейін агроөнеркәсіптік кешенді қосқанда), маманның міндеттемелерін орындау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарды. Сонымен қатар, биыл ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Жобаны жақсарту бойынша ұсыныстар түскен кезде мәліметтер талданып, мақұлданған жағдайда Жобаға қажетті түзетулер енгізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік мекеме ғимаратында визуалды ақпараты бар стенд (стандарттар, ережелер, көрсетілетін қызметтер тізімі, үлгілердің анықтамалары, шағымдар тіркелімі) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сонымен қатар бөлімнің www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жалғасуда. 

Экономика және қаржы
бөлімінің бас маманы Ә. Мирхамидов 

2021 жылғы 19 қазанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі өткізілді

 

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде сұрақ-жауап (DOCX 22 Kb)

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы іске асырылуда

2009 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша ауылдық елді мекендердегі мамандарды қажетті еңбек ресурстарымен - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен нығайтуға бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі Заңының қабылдануына байланысты Бағдарламаға жұмыс істеуге келген ауылдық округ әкімдігі аппараттары мемлекеттік қызметшілері кіреді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасы Сандық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығымен бекітілген, ауылдық жерлерде жұмыс істеуге келген білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қызметі мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы  негізде ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігі білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринарлық медицина, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірген студенттерге беріледі. «Дипломмен ауылда» жобасының аясында (бұдан әрі - жоба) мемлекет кешегі түлектерге ауылдық жерде жұмыс істеуге 100 АЕК немесе 291 700 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу түрінде әлеуметтік қолдауды, сондай-ақ пәтер алу үшін соммасы 1500 АЕК-тен немесе 4 375 500 теңгеден аспайды бюджеттік несие алу мүмкіндігін ұсынады.

Жобаға қатысуға ниет білдірушілер үшін жалғыз критерий - бұл тек дипломның болуы. Әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету мамандар өтініш берген күнге қарай кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Жоба мамандарға жасына, білім деңгейіне және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуда грантация қарастырмайды. Алайда, бос жұмыс орындарының болуын, жаңа жұмыс орындарын құруды, алдағы үш жылға арналған болжамды және кейінгі түзетулерді ескере отырып, аймақтардың қажеттіліктері ескеріледі.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009 - 2019 жылдар аралығында Ғабит Мүсірепов ауданында 660-нан астам адам қатысты. Егер біз бұл мәселені мамандықтар тұрғысынан қарастыратын болсақ білім беру саласына 475 адам тартылған (72%), танымалдығы жағынан екінші орында денсаулық сақтау бұл саланы- 142 адам таңдады (21,5%). Әрі қарай мәдениет саласына- 16 адамға (2,1%), әлеуметтік қамсыздандыруға- 9 (1,6%), агроөнеркәсіптік кешен саласына - 15 (1,8%) және спортқа - 4 (1%) мамандықтары келеді.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылардың жалпы санының 76% -ы әйелдер. Сонымен қатар, қатысушылардың 74% -ы жас мамандар.

Әлеуметтік қолдау шараларын алуда жобаға қатысушының негізгі талабы - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауылда орналасқан агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыруда кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеті.

Жалпы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында. 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін Ғабит Мүсірепов ауданындағы 426 әлеуметтік маманға 61,5 млн.теңге көлемінде жәрдемақы және 291 маманға 824,8 млн.теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

2021 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік саланың 40 маманына 11,6 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеуді жоспарлап отыр және сонымен қатар 32 маманға 152,7 млн.теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие қарастырылған.

2021 жылдың 1 сәуір жағдай бойынша 16 әлеуметтік маманға 4,7 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.

Жалпы, ауылға жұмыс істеуге келген мамандардың жалпы санының 85% -ы жоба аясында қалды. Бағдарлама қатысушыларының міндеттемелерді орындамауының негізгі себептері: отбасылық жағдайдың өзгеруі, жұмыстан босатылуы немесе басқа жерге көшуі.

Жобаға қатысушылардың басты қиындықтары - бюджеттен қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі. Қазіргі уақытта бюджеттен бөлінген қаражат ауданның мамандарға деген қажеттілігінің 70-75 пайызын жабады. Осыған байланысты, мұндай қатысушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын алуда басымдық қалыптасуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жобаның тиімділігін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2009 жылдан бастап тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие мөлшері 630 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін өсті, қатысушылардың тізімі кеңейтілді (ветеринария мамандарын, содан кейін агроөнеркәсіптік кешенді қосқанда), маманның міндеттемелерін орындау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарды. Сонымен қатар, биыл ауылға жұмыс істеуге келген мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Жобаны жақсарту бойынша ұсыныстар түскен кезде мәліметтер талданып, мақұлданған жағдайда Жобаға қажетті түзетулер енгізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік мекеме ғимаратында визуалды ақпараты бар стенд (стандарттар, ережелер, көрсетілетін қызметтер тізімі, үлгілердің анықтамалары, шағымдар тіркелімі) орналастырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сонымен қатар бөлімнің www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Қазіргі уақытта бұл жобаны жүзеге асыру жалғасуда.

Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ә. Мирхамидов

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39 / НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (ZIP 248 Kb)

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек.

Пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, біз өмірлеріңізді жеңілдетпекпіз.

Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.

Бұл төлемді рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет

- Жеке басын куәландыратын құжат;

- Банк шоты жайлы мәлімет;

- Жұмысқа жарамсыздық парағы;

- Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады.

Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Достар! Егер сіз пәтеріңізде бөтен адамдардың тіркелгенін байқасаңыз, оларды тіркеу есебінен өзіңіз шығара аласыз.

Ол үшін eGov-та «Халықты тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін таңдап, мәліметтерді енгізіп, тіркелгендердің тізімімен танысу керек. Әрбір аттың жанында «Жою» батырмасы болады, оны басу арқылы сіз өзіңіздің пәтеріңізден немесе үйіңізден адамды тіркеу есебінен шығара аласыз.

Жазбаларыңызда сақтаңыз және хабарламаны осы мәселеге тап болған достарыңызға жіберіңіз.

Қайырлы күн, достар!

Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз және оны алу үшін бөлімшеге жүгіну қажет болса, онда брондаудың келесі 4 тәсілі сізге ХҚО кезегінде тұрмай, қызметті жылдам алуға кемектеседі.

✅ egov.kz

авторлану, "ХҚО кезекті Онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру",

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мекенжайын және көрсетілетін қызметті таңдау

✅ eGovKzBot2.0 телеграм-ботында

ХҚО кезекті "Онлайн брондау" бөлімінде жеке деректерді толтыру,

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау

✅ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы

дауыс мәзірінен "кезекті брондауды" таңдау және оператор арқылы ХҚО-ға баратын уақытты белгілеу

✅ egov mobile

қосымшаны жүктеу, авторлану және

ХҚО-ға кезекті Онлайн брондау бөлімінде жеке деректерді толтыру,

бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау

📲 Sms ХҚО-дағы брондау уақыты туралы хабарлайды

Кеңес: ХҚО-ға брондау уақытынан 5-10 минутқа ерте келіңіз 

«Дипломмен ауылға!»

«Дипломмен ауылға!»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi жұмыс жоспарына сәйкес, экономика және қаржы бөлiмiнiң бас маманы Әлiби Мирсалимұлы Мирхамидов ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала мамандарымен «дипломмен ауылға!» жобасы шеңберiнде мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша түсiндiру кездесуiн өткiздi.

2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бөлiммен 16 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Бұл жұмыс апта сайын жүргiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының iске асырылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап, ауылдық жерлердiң кадрлық әлеуетiн қажеттi еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтiк және агроөнеркәсiптiк кешен сала мамандарын нығайтуға бағытталған «Дипломмен ауылға» мемлекеттiк бағдарламасын iске асырыла бастады

Шарттары мен тәртiбi Ережемен анықталады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы N 72 «Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiн бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы және ауылдық округ әкiмдерiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi тұру және жұмыс iстеу үшiн ауылдық елдi мекендерге келген жас мамандарға 100 АЕК (291 700 теңге) мөлшерiнде көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК (4375 500 теңге) мөлшерiнде тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несие берiледi.

Мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк несие он бес жыл мерзiмге берiледi, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесi несие сомасының жылдық 0,01% деңгейiнде белгiленедi.

Жалпы, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 2009 жылдан 2020 жылға дейiн әлеуметтiк саланың 426 маманына жалпы сомасы 60,5 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы және 291 маманға 824,8 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк несие берiлдi.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес, 2021 жылы әлеуметтiк саладағы 40 маманға жалпы сомасы 11,6 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 35 маманға 152,6 млн. теңге көлемiнде тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк несие төлеу жоспарланып отыр.

Бұл бағдарлама мамандарды тек экономикалық қызмет орталықтарына ғана емес, сонымен қатар облыстың шалғайдағы Червонное, Рузаевка, Будённое, Новоселовка, Березовка, Қазақстанның 15 жылдығы, Ефимовка, Урожайное, Дружба, Ломоносовка, Чистополье және басқаларына тартуға мүмкiндiк бердi.

Қазiргi уақытта бұл бағдарлама жалғасуда.

2020 жылдың 1 қарашасында көрсетілген «Дипломмен ауылға!» жобасы мемлекеттік қызметтер туралы аналитикалық ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес, қолданыстағы бұйрықпен бекітілген. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» туралы мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы »коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы баламалы негізде және электронды үкімет арқылы көрсетіледі.

2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша экономика және қаржы бөлімі 74 мемлекеттік қызмет көрсетті (оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 64 және 8 қызмет баламалы негізде« ХҚО АРМ ГО» АЖ арқылы көрсетілген).

Мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсету жоспарланған. Бұл қызметті «Экономика және қаржы бөлімі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ бас маманы Ә.М. Мирхамидов

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпараты бар стенд (стандарттар, регламенттер, көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініштердің үлгісі, шағымдар журналы) мемлекеттік мекеменің ғимаратында орналастырылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат департаменттің www.of-gm.sko.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы А. Ельжанова

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы (ZIP 708 Kb)

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы (ZIP 89 Kb)

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы (ZIP 43 Kb)

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы (ZIP 169 Kb)

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

«Дипломмен ауылға!» жобасына толықтыру енгiзiлдi

Мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 357-VI Заңының қабылдануына байланысты, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық экономика және қаржы бөлiмi «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мамандар тiзiмiне, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерi көтерме жәрдемақы және үй алу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын алуға болатындығы туралы хабарлайды.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (ZIP 93 Kb)

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (ZIP 44 Kb)

«Дипломмен ауылға!» жобасын iске асыру туралы ақпарат

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредиттер қарастырылған.

Тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК (2018 жылы — 3607500 теңге) мөлшерiнде бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi, сыйақы мөлшерлемесi жылдық 0,01%. Маманның бюджеттiк кредит бойынша мiндеттемелерiн орындау ол сатып алған тұрғын үй кепiлiмен қамтамасыз етiледi. Сонымен қатар 70 АЕК (2018 жылы — 168350 теңге) мөлшерiнде бiр жолғы көтерме жәрдемақы төленедi.);

Әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетiлген санаттағы мамандарға келiсiм негiзiнде ауылдық елдi мекендерде орналасқан Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен мекемелерiнде одан әрi кемiнде үш жыл жұмыс iстеген жағдайда берiледi.

Жалпы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру аясында» 2009 жылдан бастап 2017 жылға дейiн Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша әлеуметтiк саланың 314 маманы 37,2 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы алып, 185 маман 438 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк несие алды.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2018 жылы әлеуметтiк саланың 30 маманына жалпы сомасы 5,1 млн.теңгеге көтерме жәрдемақы және 37 маманға тұрғын үй сатып алу үшiн 133,3 млн. теңгеге бюджеттiк кредиттер төлеу жоспарлануда.

Бұл бағдарлама тек экономикалық белсендiлiк орталықтарына ғана емес, ауданның шалғай ауылдарына да мамандарды тартуға мүмкiндiк бердi. Червонное, Рузаевка, Буденное, Новоселовка, Березовка, Қазақстанның 15 жылдығы, Ефимовка, Урожайное, Чистополье және басқалар сияқты ауылдар.

Мамандарды мемлекеттiк қолдаудың барлық шаралары ауылдық елдi мекендерде мамандарды бекiту мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi,бұл ауыл халқының денсаулығын нығайтуға, оның сауаттылығы мен мәдениетiн арттыруға, сондай-ақ қала мен ауыл арасындағы сәйкессiздiктердi теңестiруге оң әсерiн тигiзедi.

Дипломмен ауылға!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы ережесiн бекiту туралы» жас мамандарға 70 АЕК көлемiнде (168350 теңге) көтерме жәрдемақысы ұсынылады, сондай-ақ 1500 АЕК мөлшерiнде (3 607 500 теңге) тұрғын үй сатып алу үшiн пайызсыз несие берiледi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2018 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламаны iске асыру шеңберiнде жалпы сомасы 5,1 млн. теңге әлеуметтiк сала мамандары 30 көтерме жәрдемақы алды, 39 маманға тұрғын үй алуға жалпы сомасы 133,4 млн. теңге бюджеттiк несие берiлдi.

Көтерме жәрдемақы түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 20 маман 3,4 млн. теңге сомасына;
  • денсаулық сақтау саласына — 5 маман 841,8 мың теңге сомасына;
  • мәдениет — 2 маман 336,7 мың теңге сомасына;
  • әлеуметтiк қамтамасыз ету — 1 маман 168,4 мың теңге сомасына;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 336,7 мың теңге сомасына.

Бюджеттiк кредит түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 25 маман 83,1 млн. теңге сомасына;
  • денсаулық сақтау саласына — 7 маман 25,1 млн. теңге сомасына;
  • мәдениет 2 маман 7,2 млн. теңге сомасына;
  • әлеуметтiк қамтамасыз ету — 3 маманды 10,8 млн. теңге сомасына;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 7 млн. теңге сомасына

2019 жылғы қаржыландыру жоспарына сәйкес 40 әлеуметтiк сала мамандарына жалпы сомасы 7,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төлеу және 30 мамандарына тұрғын үй сатып алу үшiн сомасы 113,6 млн. теңге бюджеттiк кредиттер жоспарланған.

Көтерме жәрдемақы түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 17 маман сомасы 3 млн. теңге;
  • денсаулық сақтау саласы — 11 маман сомасы 1,9 млн. теңге;
  • спорт, мәдениет,әлеуметтiк қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптiк кешен бойынша 3 маманға 2,2 млн. теңге сомаға.

Бюджеттiк кредит түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру 16 маман сомасы 60,6 млн. теңге;
  • денсаулық сақтау саласына 9 маман 34,1 млн. теңге;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 7,6 млн. теңге сомасына;
  • спорт, мәдениет,әлеуметтiк қамтамасыз ету,агроөнеркәсiптiк кешен бойынша 1 маман жалпы сомасы 11,4 млн. теңге.

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2018 жылы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау қажеттігі туралы түсіндірме жазба

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2018 жылы көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы » Алтыншы шақырылымның ХVI сессиясы

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ 2016 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Мақаланы құрған күні 08.01.2018 11:43

Мақаланы жаңартқан күні 05.01.2024 12:34

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz