Басты

Бiз Сiздердi Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлiмiнiң ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!


Бөлiмнiң ресми сайты Сiздерге бөлiм жайлы жарамды, объективтi және нақты ақпарат алуға мүмкiндiк берiп, жаңа жолдас және iскер әрiптестердi табуға көмектеседi деген сенiмдемiз.

Бiздiң сайтқа қош келдiңiздер!

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

 Бөлімінің басшысы

Елжанова Айгүл Рамазанқызы

1972 жылы 25 ақпанда Көкшетау облысы Чистопол ауданы Чистопол ауылында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар: 1994 ж. Көкшетау педагогикалық институты, мамандығы - математика және информатика мұғалімі. 2005 ж. Көкшетау экономика және менеджмент институты, - қаржы бакалавры. Еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы Чистопол ауданы Чистопол ауылындағы №1 орта мектепте математика мұғалімі болып бастады. 1997 жылдың қыркүйегінен бастап бюджеттік банктің Целинный бөлімшесінің экономисті, 1998 жылдың қаңтарынан Қазынашылық департаментінің Целинный аудандық бөлімінің аға қазынашысы, 1998 жылдың қарашасынан Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы өңірінің қазынашылық бөлімінің бас қазынашысы, 2007 жылдың қазанынан Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2008 жылдың шілдесінен бастап экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, ал 2013 жылдың қарашасынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ экономикалық секторының меңгерушісі. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап аудан әкімінің өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысы болып тағайындалды.

 

Мақаланы құрған күні 08.01.2018 10:10

Мақаланы жаңартқан күні 19.08.2021 15:26

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz