Қаржыгерлер күніне арналған салтанатты шара

2023 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының 30 жылдығына және қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Қаржы жүйесінің ардагерлері мен қазіргі қаржыгерлер шақырылды. Атаулы күнге орай қаржы жүйесінің ардагерлеріне естелік сыйлықтар, ал 1993 жылы Екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банктің есеп айырысу — кассалық орталығында жұмыс істеген ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Қазіргі қаржыгерлер аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды, олардың ішінде экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Даирова Әйгерім Сүлеймен қызына табысталды.

16.11.2023
Қаралым саны: 114
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz