Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық мәслихаттың «2022 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау ұсыну туралы» шешiмiнiң жобасына пресс-релизi

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық мәслихаттың «2022 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау ұсыну туралы» шешiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8, 9-тармамақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына сәйкес әзiрледi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы мәслихатының шешiм жобасы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әлеуметтiк маңызы бар салаларында жұмыс iстеуге келген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын iске асыруға бағытталады.

Шешiм жобасын әзiрлеу мақсаты- денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көтерме жәрдемақы және үй сатып алу үшiн бюджеттiк несие түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларының ұсыну мақсатында.

Шешiм жобасы «Электорондық Үкiмет» порталының ашық «НҚА бөлiмiне» орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13221959).

Экономика және қаржы
бөлiмiнiң басшысы А. Елжанова

26.11.2021
Қаралым саны: 1179
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz