ЖОБА 2022 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТI:

1. 2022 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне:

1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау-бiр мың бес жүз есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит ұсынылсын.

2. Осы шешiмнiң 1-тармағының күшi ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ветеринария пункттерiнiң ветеринария мамандарына да қолданылады.

3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

26.11.2021
Қаралым саны: 1184
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz