2020 жылғы 1 шілдеге бюджеттің орындалуы

Кірістер

2020 жылғы 1 шілдеге жағдайы бойынша жергілікті бюджетке болжам түсімдері 1242 млн. теңге құрады, нақты түскені 1500,1 млн. теңге, 120,8% құрайды, жоспардан тыс түскен — 258,1 млн. теңге.

Облыстық бюджет 136,8%, орындалды, болжам бойынша 580,9 млн. теңге, 794,5 млн. теңге түсті, 213,6 млн. теңге жоспардан тыс артық түсті.

Аудандық бюджет 107,2% орындалды, болжамдалғаны 597,7 млн. теңге, түсті 640,7 млн. теңге, 43 млн. теңге жоспардан тыс артық түсті.

төртінші деңгейі бойынша кіріс көздері бойынша болжам 176,8% орындалды немесе жоспардан тыс 39,6 млн.теңге түсті.

Бюджеттің төртінші деңгейі жоспар бойынша 63,4 млн.теңге түскені 64,9 млн.теңге немесе 102,5%. Жоспар 1,6 млн. теңге асыра орындалды.

Шығыстар

2020 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша аудан бюджетінің игерілуі жоспар бойынша 5184,5 млн. теңге болса, 5184,2 млн. теңге игерілді немесе 100%, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер жоспар бойынша 1419,1 млн. теңге болса, 1419,1 млн. теңге игерілді немесе 100% игерілді. Игерілмеген сома 0,4 млн. теңгені құрады.

Аудандық бюджет 100% орындалды. Есепті кезеңнің жоспары 4270,8 млн. теңге болса, 4270,5 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер 1133,8 млн. теңге жоспар бойынша 1133,8 млн. теңге игерілді немесе 100%. Игерілмеген сома 0,3 млн. теңгені құрады.

Төртінші деңгейдегі бюджеттің атқарылуы 100%, құрады, жоспар бойынша 913,7 млн. теңге, орындалуы 913,6 млн. теңгені құрады. Игерілмеген сома 0,1 млн. теңгені құрады.

03.07.2020
Қаралым саны: 1258
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz