Дипломмен ауылға!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес «Ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы ережесiн бекiту туралы» жас мамандарға 70 АЕК көлемiнде (168350 теңге) көтерме жәрдемақысы ұсынылады, сондай-ақ 1500 АЕК мөлшерiнде (3 607 500 теңге) тұрғын үй сатып алу үшiн пайызсыз несие берiледi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2018 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламаны iске асыру шеңберiнде жалпы сомасы 5,1 млн. теңге әлеуметтiк сала мамандары 30 көтерме жәрдемақы алды, 39 маманға тұрғын үй алуға жалпы сомасы 133,4 млн. теңге бюджеттiк несие берiлдi.

Көтерме жәрдемақы түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 20 маман 3,4 млн. теңге сомасына;
  • денсаулық сақтау саласына — 5 маман 841,8 мың теңге сомасына;
  • мәдениет — 2 маман 336,7 мың теңге сомасына;
  • әлеуметтiк қамтамасыз ету — 1 маман 168,4 мың теңге сомасына;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 336,7 мың теңге сомасына.

Бюджеттiк кредит түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 25 маман 83,1 млн. теңге сомасына;
  • денсаулық сақтау саласына — 7 маман 25,1 млн. теңге сомасына;
  • мәдениет 2 маман 7,2 млн. теңге сомасына;
  • әлеуметтiк қамтамасыз ету — 3 маманды 10,8 млн. теңге сомасына;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 7 млн. теңге сомасына

2019 жылғы қаржыландыру жоспарына сәйкес 40 әлеуметтiк сала мамандарына жалпы сомасы 7,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төлеу және 30 мамандарына тұрғын үй сатып алу үшiн сомасы 113,6 млн. теңге бюджеттiк кредиттер жоспарланған.

Көтерме жәрдемақы түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру — 17 маман сомасы 3 млн. теңге;
  • денсаулық сақтау саласы — 11 маман сомасы 1,9 млн. теңге;
  • спорт, мәдениет, әлеуметтiк қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптiк кешен бойынша 3 маманға 2,2 млн. теңге сомаға.

Бюджеттiк кредит түрiнде қызмет салалары бөлiнiсiнде:

  • бiлiм беру 16 маман сомасы 60,6 млн. теңге;
  • денсаулық сақтау саласына 9 маман 34,1 млн. теңге;
  • агроөнеркәсiптiк кешен — 2 маман 7,6 млн. теңге сомасына
  • спорт, мәдениет, әлеуметтiк қамтамасыз ету, агроөнеркәсiптiк кешен бойынша 1 маман жалпы сомасы 11,4 млн. теңге.

 

16.01.2019
Қаралым саны: 863
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz